Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Серікзат Дүйсенғазин, айтыскер ақын: Билікке келгісі келген топтар да болған

Серікзат Дүйсенғазин, айтыскер ақын:  Билікке келгісі келген топтар да болған

Қаңтар оқиғасының басты себебі, халықтың ортасындағы бұрынғы жүйеге деген наразылықтан туындады. Яғни, қымбатшылық елді жайлады. Соның салдарынан халық көтерілді. Белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазин осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша ауызбіршілігі мен тұтастығы жарасып отырған елдің қирағанын, құлағанын қалағандар да аз емес еді.

«Қаңтар оқиғасында» осыған көзіміз жетті. Мұны нақты мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылыс деп қабылдауға болады. Қару-жарақ дүкендерінің тоналуы, елде хаос тудыруды әдейі көздеген топтардың полиция ғимараттарына, қалалық әкімшіліктерге, әуежайға, телеарналардың ғимаратына шабуыл жасауы нақты дәлел. Мемлекет пен қоғамға қарсы ұйымдасқан топ болмаса, қарапайым адамға мұндай қанқұйлы әрекеттің ешқандай қажеті жоқ екені айдан анық. Тіпті, арасында өздері билікке келгісі келген де топтар болыпты",- дейді ақын.

Сол төңкеріс жасауға барын салып, ойран қылған топтың әрекетінен жазықсыз адамдар, полиция қызметкерлері, бейбіт шеруге шыққандар қаза болды деген қоғам қайраткері "мемлекеттік төңкеріске ұмтылыс жасағандардың қанды ойраны болмағанда, жазықсыз жандар құрбан болмас еді", деген пікірде.

"Халықтың негізгі ниеті қоғамға өзгеріс енгізу, бұрынғы қатып қалған жүйені өзгертіп, оны құлату еді. Оның үстіне халықты қорғайтын ішкі құрылымдардың, яғни полицейлер мен әскеріміздің әлсіздігін көрдік. Соның арасында арам пиғылды топтар кіріп, елді араңдатып жіберді. Міне, осы топтардан қарапайым халықты қорғай алмады. Сол жағдайды кейбірі өздерінің теріс пиғылына пайдаланды. Алдағы референдумнан кейін оның қорытындысы шығады деп ойлаймын", дейді ақын.

Похожие материалы