Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Қарағанды – Сұрыптау әуежайында профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бар екендігі анықталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Көлік полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
«Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен РФ-ның азаматшалары әрқайсына 429 мың теңгеге жуық сома көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады полицияда.
Айта кетейік, «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу» тәртібін бұзған 29 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден тыс шығарылды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024