Экономика
Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 11 млрд теңге бөлінеді
Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға 11 млрд 400 млн теңге бөлінбек. Сенат комитетінде кәсіпорындардың қабілеттілігін арттыру туралы жобаны талқылау барысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды kazakh-tv.kz.
Қаражаттың 1 жарым миллиарды республикалық бюджеттен бөлінсе, қалған сома - Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынатын қарыз. Бөлінген ақшаның 85 пайызын кәсіпкерлерді оқытуға жұмсау жоспарланып отыр. "Қазіргі таңда елімізде консалтингтік қызметпен айналысатын 500 компания бар. Олардың ішінен 750 бизнес-тренер оқытылатын болады. Кейін олар өздерінің бар білгендерін 70 мыңға жуық кәсіпкерге үйретпек. Бағдарлама аяқталған соң да бұл мамандар шағын және орта бизнес өкілдерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыратын болады", - деді Тимур Жақсылықов. Мемлекет пен Халықаралық қайта құру және даму банкінің жобасы 5 жыл ішінде жүзеге асырылады. Фото: syrboyi.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024