Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Еңбек министрлігі жастардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін несиелендіру қаржысын арттыруды ұсынды, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Соңғы жылдары республикадағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды, оның ішінде жастардың жұмыссыздығы 3,8% немесе 82,4 мың адам. 2018 жылдың екінші тоқсанында жұмыспен қамтылған жастардың жалпы саны 2,1 млн. Жұмыспен қамтылған жастар арасында 1,5 миллион адам жұмыс істейді, 456 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында.
Осы мәселе жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова: «Жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында жұмыспен қамтылмаған жастар деңгейін төмендету үшін біліктілігі жоқ тұлғаларға техникалық және кәсіптік білім алуға үміткерлер санын арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша біліктілік пен дағдылар тізбесін кеңейту, сондай-ақ шағын несие алуда жастар үшін басым құқықты белгілеу қажет», - деді.
Министрдің айтуынша, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін 2018 жылы 4536 жас адам жіберілген, 396 адам шағын несие алған.
Сонымен қатар, министр жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасы туралы айтып берді. Оның айтуынша, қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, жастардың білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, жұмыс тәжірибесі, табыс деңгейі және тұрғылықты орны (қала/ауыл) бойынша жіктелуі жұмыстары жүргізілді.
Мәдина Әбілқасымованың айтуынша жол картасы аясында білім беру, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдау қажеттілігіне байланысты нақты мақсатты шаралар жүзеге асырылатын жастардың жеті санаты анықталған.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024