Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұшатын автокөліктер 2017 жылы сатылымға шығады

Ұшатын автокөліктер 2017 жылы сатылымға шығады

Алғашқы ұшатын автокөліктер 2017 жылдан бастап сатылымға шығатын болады. Бұл жөнінде AeroMobil құрастырушы компанияның бас директоры Юрай Вацулик Остиндағы (АҚШ) SXSW мультимедиа-конференциясында айтқан болатын.

Аэромобильді құрастыру 1989 жылдан бастап қолған алынған. Машина күнделікті автожолдарында жүре алады, ауада ұша алады әрі әдеттегі жанармай құйылады. Жоспар бойынша, автокөлік сағатына 200 км еңсере алуы тиіс. Ал, әуедегі жанармай қоры 500 км артық жерге дейін жетеді. Аэромобильдің ұшуы үшін ұшақтарға арналған жол секілді арнайы жолақ қажет болады.

Аэромобиль бүгінде тегіс жолақтан да, шөптің үстінен де ұша алады деп жазады The Verge. Құрастырушылар автодаңғылдар мен жанармай құю бекеттерінің жанынан арнайы автотұрақтар салуды жоспарлауда. Юрай Вацуликтің айтуынша, аэромобильді басқару ұшақ пен автокөліктің басқаруына өте ұқсас келеді. Жүргізуші міндетті түрде сертификатталған ұшқыш болуы тиіс.

Алғашқы коммерциялық аэромобиль екі орындық болады, әрі парашюттармен жабдықталады. Ал, көліктің бағасы әзірге құпия сақталуда. Десе де, "қалтасы қалың" азаматтар үшін қолжтеімді болады дейді бас директор. Қазір компания аэромобильдің түрлі қозғалтқыштарымен тәжірибе жүргізіп жатыр. Алдағы уақыттарға оның краш-тестілеуі болады деп күтілуде.

Похожие материалы