Әлем. 14 мамыр. 7kun.kz – Бір күн бұрын қайтыс болған шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның інісі Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид бен Сұлтан Әл Нахаян БАӘ президенті қызметіне кірісті, деп хабарлайды Al Jazeera.
Мұхаммад бен Заидті сайлау бүгін БАӘ Федералдық Жоғарғы кеңесінде өтті. Ол Халифа ибн Заид инсульт алған соң
2014 жылдан бері БАӘ мен Абу-Даби әмірлігін ресми президент болмаса да басқарып келді.
Ол 61 жастағы Мұхаммад бен Заид - БАӘ негізін қалаушы және бірінші президенті Заид Әл Нахаянның үшінші ұлы.
Айта кетейік, Халифа бен Заид Әл Нахаянның жұма күні 73 жасында қайтыс болып, БАӘ 40 күндік қаралы күн жариялады.