Нұр-Сұлтан. 9 маусым. 7kun.kz – Шекара қызметінің экс-директоры, ҰҚК генерал-лейтенанты, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дархан Ділмановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды 7kun.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Генералдың үйі мен кеңсесінде тінтулер жүргізілді. Әзірге генерал Ділмановқа қатысты бұлтартпау шарасы туралы ештеңе белгісіз. ҰҚК жоғары шенді басшыларының «қателіктерін» жарнамаламауға тырысады. Қылмыстық іс аясында оның тек экономикалық сипаттағы ғана емес, әртүрлі қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Ділмановты ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметінен босатты. Дархан Ділманов 2015 жылдың шілдесінен бері ҰҚК басшысының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметін атқарған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024