Шетелдегі қазақтардан сотталмағаны туралы анықтама сұрату мәселесі қаралып жатыр
Астана. 3 тамыз. 7kun.kz - Қазіргі уақытта ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша шетелден келетін этникалық қазақтардан сотталмағаны туралы анықтаманы талап етпеу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Мемлекет басшысы Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында айтқан құзіретті органдарға осындай міндет жүктеген еді. Әсіресе бұл Қытай Халық Республикасынан атамекеніне оралып жатқан қандастарымызға қатысты айтылған болатын. Себебі Қытай елінің заңында сотталмаған деген анықтама берілмейді. Ал сотталған азаматқа шекарадан шығуға тыйым салынған.
Айта кетейік, осы жылдың алғашқы 6 айында елімізге сырттан 16 жастан асқан 55 мыңға жуық этникалық қазақ келіп, тіркеуге тұрған. Оның 27 мыңға жуығы Қытай қазақтары.
«Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтардан, сол елдің азаматы болып табылатын қазақтардан осы соттылығының бар-жоғы туралы анықтаманы талап етпеу жөнінде іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде қандай құқықтық, қандай нормативтік құқықтық заңнамаларға, актілерге өзгерістер енгізуге болатындығы туралы сараптамалар жүргіліп жатыр. Бүгінгі күні мемлекеттік органдарға келісуге жобалар жіберілді», - деді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Гүлмира Әлиайдарқызы.
Еске салсақ, бұған дейін Қытайда қорлық көрген қазақтардың туыстары Назарбаевтан көмек сұрап хат жазғанын хабарлағанбыз.
Тэги:
- 7kun.kz
- 7күн кз
- Қытай билігі
- Қоғам жаңалықтары
- Қазақстан мен қытай
- Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас
- Қытайдағы қазақтар
- Қытайдағы қазақстардың жағдайы
- Қытай көшіп келу
- Қытайдағы қазақтар неге көшіп келе алмай отыр
- Қытайдың заңсыз әрекеттері
- Қытайдан келген қазақтар
- Қытайдан қысым көрген қазақтар
- сотталмағандығы туралы анықтама
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024