Әлемдегі ең үлкен зейнетақы Даниялықтарға тиесілі. Ол шамамен 3000 АҚШ долларын құрайды. Екінші орында Финляндия – 1900 доллар. Одан кейін Норвегия, Израиль, Германия және Испания. Жетінші орында АҚШ, мұндағы орташа зейнетақының мөлшері 1164 долларды құрайды. Әлемдегі ең мардымсыз зейнетақыны Грузия халқы алады. Ол жерде зейнетақы құны бар болғаны 40 долларға тең.
Әлемде ең жоғары зейнетке шығу жасы – 70 жас. Жапонияда дәл осы жаста зейнеткерлікке шықса, Ресейде ер адам – 60 жаста , әйел адам 55 жасында, АҚШ-да - 65 жасында зейнеткер атанады.
АҚШ
Зейнетке шығу жасы:
- 1937 жылға дейін туғандар үшін 65 жас;
- 1943-1955 жылдар аралығында туғандар үшін 66 жас;
- 1960 жылдан кейін туғандар үшін 67 жас.
Орташа зейнетақы: айына 1 335,97 доллар (447 мың 670 теңге 187 тиын)
Ерекшелігі:
- АҚШ зейнетақы жүйесінің нюанстары көп. Мәселен, зейнетке шығу жасына жетпестен зейнеткерлікке шығуға болады, бірақ зейнетақы толық берілмейді.
- АҚШ федералды заңына сәйкес, жылдық табысының лимиті 15720 доллардан (5 млн 267 мың 143 теңге 2 тиын) аспайтын, алайда зейнеткерлік жасқа жетпеген азаматтар ғана толық зейнетақы алады.
- Жұмыс істейтін зейнеткердің жылдық табысы лимиттен асатын болса, оның лимиттен асқан әр доллары үшін зейнетақысынан 50 цент ұсталып қалады. Бұл азаматтың толық зейнеткерлік жасқа толған айына дейін жалғасады.
- Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына сәйкес, толық зейнеткерлік жасқа жеткен азамат зейнетке шықпай тұрып тапқан ақшасының 44%-ын алатын болады.
Ұлыбритания
Зейнетке шығу жасы:
- Ер адам үшін 65 жас;
- Әйел адамға 60 жас;
- 2020 жылға дейін ер және әйел адамдар үшін 66 жасқа ұзартылады.
Орташа зейнетақы: 605 фунт стерлинг (260 мың 748 теңге 95 тиын)
Ерекшелігі:
- Ұлыбританияда екі түрлі зейнетақы қарастырылған: негізгі және қосымша. Негізгі зейнетақы тек зейнеткерлік жасқа толған, еңбек өтілі он-он бір жылдан кем емес азаматтарға беріледі.
- Биылғы жылдың 6 сәуіріне дейін зейнеткерлікке шыққан азаматтар мемлекеттен 119,3 фунт (51 мың 417 теңге 107 тиын) зейнетақы алады. Соған қоса, егер ол State Earnings Related Pension Scheme жүйесіне ақша аударған болса, қосымша зейнетақы алады.
- Зейнеткерлікке биылғы жылы шығатындар мемлекеттен тек негізгі зейнетақыны ғана алады. Ол 155,65 фунтты (67 мың 083 теңге 594 тиын) құрайды.
Франция
Зейнетке шығу жасы:
- Ер және әйел адам үшін де 62,5 жас;
- Толық зейнетақы алу үшін 67 жас.
Орташа зейнетақы: 1000 еуро (376 мың 340 теңге)
Ерекшелігі:
- 401,5 жыл (166 тоқсан) еңбек өтілі бар азаматтарға зейнетақы 100% мөлшерде беріледі. Егер одан аз болса, зейнетақы жетіспейтін әр тоқсан үшін 1,25%-ға азайтылады.
- 6 айға дейінгі мәжбүрлі түрдегі жұмыссыздық пен декреттік демалыс күндері еңбек өтіліне кіреді;
- Егер еңбек еткен 40 жылдың ішінде сақтандыруға ақша аударылған болса, зейнетақыға үстеме қосылады;
- Зейнеткерлікке 67 жасында шыққан француздарға еңбек өтілі болмаса да зейнетақы 100% беріледі.
- Зейнетақы орташа жалақы мен сақтандыру сомасын құрайтындықтан, кейбір зейнеткерлер жұмысшылардан да көп алады.
Қытай
Зейнетке шығу жасы:
- Ер адам үшін 60 жас;
- Әйел адам үшін істеген жұмысының қиындығына байланысты 50немесе 55 жас.
Орташа зейнетақы: тұрғылықты жерге байланысты 900-1360 юань (45 мың 225 теңге — 68 мың 340 теңге)
Ерекшелігі:
- Бастапқыда зейнетақы тек мемлекеттік қызметкерлерге ғана берілетін. Кейін бұл заң өзгертіліп, жұмысшылар да зейнеткерлікке шығатын болды. Қазір Қытайдың жартысынан көбі зейнетақы алады.
- Зейнетақы мөлшері азаматтардың тұрғылықты жеріне байланысты. Қалада тұратындар ауылдағыларға қарағанда көбірек алады.
- Мемлекеттік қызметкер зейнеткерлікке шығуы үшін еңбек өтілі 15 жылдан кем болмауы жән ай сайын зейнетақы қорына жалақысынан 11% аударылған болуы керек. Оның 7%-ын жұмыс беруші, 4%-ын жұмысшы өзі аударады.
- Қытайдың кейбір аудандарында зейнетақы қоры өнеркәсіп ошақтарында жиналады да, кейін өдерінің қызметкерлеріне береді.
Ресей
Зейнетке шығу жасы:
- Ер адам үшін 60 жас;
- Әйел адам үшін 55 жас.
- 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекет қызметіндегі ер адам 65, әйел адам 63жаста зейнеткерлікке шығады.
Орташа зейнетақы: 13 700 рубль (255 мың 906 теңге 41 тиын)
Ерекшелігі:
- Декреттік демалыстың 1,5-4,5 жылы зейнеткерлікке қажетті еңбек өтіліне кіреді.
- Зейнетақының екі түрі бар: сақтандыру және жинақтық. Сақтандыру сомасы «Сақтандыру зейнетақысы туралы» заңымен, жинақтық зейнетақы мөлшері «Жинақтық зейнетақы туралы» заңмен реттеледі.
Қазақстан
Зейнетке шығу жасы:
- Ер адам үшін 63 жас;
- Әйел адам үшін 2018 жылға дейін 58 жас;
- 1964 жылдан кейін туған әйелдер үшін 63 жас..
Орташа зейнетақы: 55 мың 49 теңге
Ерекшелігі:
- 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынағында ядролық қару сынақтары салдарынан зардап шеккен азаматтар зейнетақыға неғұрлым ерте шығуға құқылы:
- Ерлер – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 25 жылдан аз емес еңбек өтілі болғанда 50 жаста;
- Әйелдер – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 20 жылдан кем емес еңбек өтілінде 45 жаста зейнеткерлікке шыға алады.
- 1998 жылға дейін еңбек еткен азаматтар үшін ынтымақтастық зейнетақы төлемі енгізілген.
Жазира САМИДИНОВА "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024