Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік инвесторлардың кірістері 4,6 млрд долларды құрады

Шетелдік инвесторлардың кірістері 4,6 млрд долларды құрады
Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандағы шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері 4,6 млрд долларға жетті деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.  Инвесторлардың кірістері өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға өсті. Сырттан тартылған тікелей инвестициялар кірістерінің жартысынан көбі  қазақстандық еншілес кәсіпорындарды қаржыландыруға жұмсалған. Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша капиталдың таза түсімі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. Капиталдың әкелінуі шетелдік үлестес компаниялардың қазақстандық кәсіпорындар алдындағы өздерінің борыштық міндеттемелерін өтеумен және шетелдік инвесторлардың кірістерін қайта инвестициялаумен қамтамасыз етілді.

Похожие материалы