Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелдік валютаны сыртқа шығаруға салынған тыйымды бұзғандар жауапкершілікке тартылады

Шетелдік валютаны сыртқа шығаруға салынған тыйымды бұзғандар жауапкершілікке тартылады

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелге шығушыларға әкімшілік жауапкершілік туралы еске салды, деп хабарлайды 7kun.kz.

ҚР Ұлттық банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталардың, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзімен бірге (багажда) алып кетуге болмайды.

Cондай-ақ, комитеттегілер ереже бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті.

"Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша аталған ақша мен тауарлар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін", - деді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Похожие материалы