Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заң жобасын қабылдады. Құжат АӨК-дегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруды көздейді.
Сенаттың бейіндік комитетінің қорытындысында заң жобасында мемлекеттік шекара аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік қатысатын қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салынатыны айтылған.
Сонымен қатар, құжатта ерекше қорғалатын аумақтардың жерлерін резервтік жерге ауыстыру жағдайларын шектеу енгізілетіні жазылған, жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуын бақылау тетігі жетілдірілді.
Су ресурстары саласында көпфункционалды зерттеу жүргізу бөлігінде уәкілетті органның, ведомствоның және бассейндік инспекциялардың құзыретін, олардың техникалық жай-күйін бағалау мақсатында су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылыстарды пайдалану ережелерін нақтылау бойынша нормалар енгізілді.
Орман шаруашылығы саласында орман ресурстарын қорғау, пайдалану саласындағы тексерулерді, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын жүзеге асыру тәртібін регламенттеу бойынша нормалар енгізілді. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі саласындағы браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары қатаңдатылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024