Шетелге заңсыз қаражат шығару бойынша 7 қылмыстық іс тергеуде: 28 миллион АҚШ доллары бұғатталды
Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Биылғы бірінші тоқсан нәтижелері бойынша, Қаржылық мониторинг агенттігінде 552 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.
Қозғалып жатқан 552 істің жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.
Жанат Элимановтың айтуынша, 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр.
«Қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024