Ақмола облысының Щучинск қаласында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Алтаевтың қатысуымен Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Кәсіпкерлерді қолдау орталығы кәсіпкерлерге қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша көрсетеді, орталық маркетинг, заңнама, кеден рәсімдері және бухгалтерия мәселелері бойынша кеңес береді. Бұған қоса, мемлекеттік қолдау мен оқытудың барлық құралдары ұсынылады. Орталық жанында бизнес-мектепті ашу жоспарланып отыр, мұнда қалаған азаматтар бизнес негіздерін үйренеді.
"Бүгінгі күні біздің елде кәсіпкерлерге "Жұмыспен қамту жол картасы-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламалары аясында қолдау көрсетіледі. Бірақ көптеген елді-мекендерде халықтың көбі іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы білмейтіндігі құпия емес. Сол себепті, кәсіпкерлерді қолдау орталықтары өз істерін ашқысы келетін азаматтарға консультация жүрігізіп, оларға қолдау көрсетуге әзір. Республикада 188 кәсіпкерлерге қолдау орталықтары мен бизнес-мектептер ашылды, олар сапалы қызмет көрсетеді", - деді Н.Алтаев.
Осы жылы осындай орталықтарды облыстың барлық аудан орталықтарында және Степногорск қаласында ашу жоспарланып отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024