Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – Шикізат өндірушілер дағдарыстан шығып келеді. 2016 жылы тау-кен өндіруші кәсіпорындардың таза табысы 60 пайызға өсті. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Бір жыл ішінде табыс көлемі 20,5 пайыздан 32 пайызға дейін өсті. Шикізат өндірушілердің мақсаты табысты қалыпты деңгейге жеткізу. 2016 жылы өндіріс орындарының таза табысы 2,8 трлн теңге болды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.
Алайда, компания кірісі 2012-2014 жылдардағы деңгейге жетпейді. 2012-2014 жылдардағы таза табыс көлемі 4,5-5 трлн теңге болған.
Еске салсақ, 2009-2010 жылдағы дағдарыстан кейін, 2015 жыл ҚР шикізат секторы үшін ең сәтсіз жыл болды. Таза табыс көлемі 1,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылдағы өсімге әлемдік нарықтағы көмірсутек бағасының (бір баррелі 55 долларға дейін) бірқалыпқа келуі себеп болды.
2015 жыл нарықтағы бағаның төмендегендіктен тау-кен саласы өндіріс көлемін 2,5 пайызға дейін қысқартты. Ал 2016 жылы жағдай тұрақталса да да, өндірісті тағы да 2,7 пайызға азайды.
Кәсіпорындар шығындарын барынша азайтып, түсім 11 пайызға көбейді. Нәтижесінде таза табыс 60 пайызға дейін өсті. Бір жылдағы ірі, шағын және орта өндіріс орындарының жалпы кірісі 11,5 трлн теңгені құрады.
Шағын шикізат өндірістерінің өсімі ірі және орта бизнестегілерге қарағанда жалдам қарқынмен дамып жатыр. 2016 жылы шағын сектордағы табыс көлемі екі есе өсіп, 688 млрд теңгегені көрсетті. Жалпы табыс – 459 млрд теңге.
Айта кетейік, Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламасы бойынша, елдің тау-металлургиялық және мұнай-газ кешендері экономика өсімінің тұрақтылығы үшін, стратегиялық маңыздарын жоймауы керек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024