Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың шілдесінде Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында еуро мен АҚШ долларын сату артқан, ал ресейлік валютаның сатылымы керісінше қысқарған. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
АҚШ долларын сату бір айда 11,2 пайызға артып, 903,4 млн долларға жеткен болса, еуро 89,7 млн долларды (7,2%) құрады. Ал рубль саудасы 12,7 миллиардқа дейін (18,7%) төмендеген. 2016 жылдың шілдесіндегі көрсеткішпен салыстырғанда доллар сатылымы 16,1 пайызға, еуро 19,5 пайызға және рубль 15,0 пайызға артқан.
Жыл басынан бері ақша айырбастаушылар 5,2 млрд АҚШ долларын сатқан, бұл 2016 жылдың қаңтар-шілдесінен қарағанда 17,9 пайызға көп.
2017 жылдың алғашқы жеті айында айырбасшылар 643,1 млн еуро сатқан, мұндағы өсім 51,1 пайызға тең. Ресей валютасының сатылымы 2016 жылдың алғашқы жеті айынан қарағанда 16,7 пайызға артып, барлығы 86,1 млрд рубль сатылды.
АҚШ долларын сатып алғандардың арасында 413,0 млн доллармен алматылықтар көш бастап тұр. Бұл маусымға қарағанда 15,6 пайызға, ал 2016 жылдың шілдесінен 16,7 пайызға көпз. Одан кейінгі орында 115,9 млн доллармен Оңтүстік Қазақстан. Мұндағы өсім маусым айымен салыстырғанда 32,8 пайызды, былтырғы шілдемен салыстырғанда 22,8 пайызды құрайды. Үштікті 104,5 млн доллармен Астана түгендейді. Бірақ онда маусымға қарағанда 1,4 пайызға аз валюта сатып алынған. Ал 2016 жылдың шілдесінен 1,9% көп. Осы үштіктің үлесіне бүкіл елдегі АҚШ доллары сатылымының 70,1%-ына тура келеді.
Еуро сатып алу бойынша да Алматы тұрғындары бірінші тұр. Олар шілде айында Қазақстандағы еуро сатылымының 54,4%-ын еншілеген.
Ресей рублінің сатылымы республикамыз аймақтарында біркелкі. Атап айтқанда, үздік үштіктегі Алматы, ШҚО және Астананың үлесіне жалпы сатылым мөлшерінің 35,6%-ы тура келеді
Дереккөз: inform.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024