Серіктестер арасында келісім болмаса:
ОПЕК-тің жүргізген бағалауы бойынша, келесі жылы нарықтағы мұнайдың артылуы күніне 1-1,4 млн.баррельді құрауы мүмкін. Өткен демалыс күндері Ресей Федерациясының президенті В. Путин Ресей және Сауд Арабиясы мұнай өндірісін төмендету жөніндегі бітімді ұзартуға келіскендерін хабарлады. Ресей мен Сауд Арабиясы маусым айынан бері келісілген үлесті және өндіруді төмендеткендегі деңгейді арттырып, мұнай өндіруді шамамен, күніне 1 млн баррельге дейін өсірді. Егер келісімді ұзарту жөнінде сөз қозғалса, онда бітімнің өзге мүшелері Ресей мен Сауд Арабиясынан өндірісті төмендетулерін талап етеді. Алайда, В. Путин төмендету мөлшері мен оның механизмі туралы әлі де келісу керектігін атап өтті. Осы арада ОПЕК қатарындағы ең кіші мұнай өндіруші елдердің бірі - Катар ОПЕК- тің шешімін күтпей картельден шығатынын хабарлады. Әлбетте, Иран оған қатысты АҚШ санкцияларының күші бар кезінде өндіру ісінде өзіне ерекшелік алуға тырысатыны айдан анық. Дегенмен, Иранның өндіру ісі онсыз да төмендеуі мүмкін. Өйткені, санкциялардың жарты жыл ғана күші бар. Бірақ бұл оған болашақта мұнай өндіруді арттыруды талап ету құқығын береді. Венесуэла Қытай мен Ресейдің көмегімен келесі жылы мұнай өндіруді күніне 1 млн баррельге дейін өсіріп, дағдарысқа дейінгі күніне 2 млн баррель өндірген қалпына оралуды көздеп отыр. Сауд Арабиясы алдыңғы жолы өндіруді төмендетулеріне рұқсат алған Ливия мен Нигерияны, осы жолы өндіруге шектеу қою ісіне қатысуға көндіріп жатыр. Ливия осы жолы да ерекшелік алуға тырысатынын хабарлады. Ал Нигерия мұнай министрі Эммануэль Качикву Халидь аль- Фаликпен болған кездесу қорытындысы жөнінде ашып ештеңе айтпады.Келісімшарт тоқтатылады ма?
2017 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген мұнай өндіруді төмендету жөніндегі келісім ОПЕК құрамындағы 24 ел мен картель құрамына кірмейтін көршілес мемлекеттер арасындағы мұнай өндірудің көрсеткіші 2016 жылдың қазандағы деңгейінен күніне 1,8 млн баррельге дейін төмендейтінін болжайды. Келісім 2014 жылы АҚШ-та болған тақтатасты мұнай өндірудің бірден өсуі салдары мен мұнай бағаларының 5 есеге дейін құлдырауынан туындаған. Дегенмен, дағдарысқа ұшыраған Венесуэла кесірінен келісім биылғы жылдан 30-50% асыра орындалып отырды. Алайда, сәуір айында келісім мақсатына жетіп, артылған мұнай қалдықтары жойылды. Бірақ, ОПЕК өндіріс көлемін көбейтуге асықпады, бұнысымен сайлау қарсаңында елінде жанармай бағасының төмен болуын қажет еткен Д.Трамптың ашуын келтірді. Сонымен бірге, ол нарыққа мұнай жеткізілім деңгейін өсіру үшін, Иран еліне қатысты елдегі мұнай экспортын төмендететін санкцияларды жаңартатынын хабарлады және дереккөздерге сенсек, өзінің политикалық одақтасы Сауд Арабиясына қысым көрсетті. Нәтижесінде, мұнай өндіруді өсіру мүмкіндігі бар елдер есебінен «келісімді 100%- ға орындау» анықтамасымен маусым айының соңында ОПЕК нарыққа мұнай жеткізілім деңгейін шамамен, күніне 1 млн баррельге өсіру шешімін қабылдады. Сондай- ақ, келісім 2018 жылдың соңында тәмамдалатындығы және қажеттілік болған жағдайда өндіру мөлшерлеріне түзету енгізуге болатын, қандай да бір жаңа келісім жасап шығу қажеттігі мәлімделді. Ресей, Сауд Арабиясы, БАӘ және Ирак өндірісті ұлғайта алды. Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуы бойынша, Ресей бұрынғы күніне 150 мың баррель мұнай өндіру деңгейінен асып түсіп, қазан айында нарыққа мұнай жеткізілімін шамамен, күніне 450 мың баррельге өсірді. Сауд Арабиясы да өндіруді күніне 200 мың баррельге арттырды. Бұл 2016 жылғы қазан айында күніне 10,7 млн баррель өндірген мөлшерден тыс екенін айтты Халидь аль- Фалик. БАӘ өндіруді күніне 300 мың баррельге жеткізді. Бұл 2016 жылғы қазан айындағы көрсеткіштен күніне 150 баррельге артық. Ешқашан келісімді орындамайтын Ирак бүгінде алдыңғы екі жылмен салыстырғанда, күніне 100 мың баррельге көп өндіреді. Дегенмен, қыркүйек айының соңында өткен министрлік мониторингтік комитетте (JMMC), Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль- Фалих, сол кездегі ОПЕК елдерінің нарыққа шамамен күніне 500 мың баррельге кем жеткізулеріне қарамастан, нарық теңестендірілгендігін хабарлады. 2019 жылы келісімге қатыспайтын елдер тарапынан мұнай жеткізу көлемі жоғарлауы нәтижесінде, нарықта мұнай мөлшері артылады, сол кезде қысқартуларға жүгіну қажеттілігі пайда болатынын атап өтті министр. Ресей бұнымен келіспей, жауабын күтуге үндеу тастады. Иранға қарсы қараша айында енгізілетін санкцияларды күту барысында қазан айында баррельге 80$ өскен мұнай бағасы қараша айында бірқатар елдерді ирандық мұнайды импорттау санкцияларынан босатқан соң, баррельге 60$ болып, бұрынғы деңгейіне қайта оралды. Онымен қоса АҚШ- тың өзі әлемдік лидер - Ресейді басып озып, өндірісті ұлғайтты. Ресей бюджетінің теңгерімі баррельге 45$ екендігіне қарамастан, баррель құны 65-75$ болғандығы Ресейдің көңілінен шығады, Сауд Арабиясы бюджеті үшін баррель құны 70$ болуы маңызды.IPhone7 IPhone5-тен әлдейқайда жақсы
Келісімнің аяқталуын және 2019 жылы қысқартуға байланысты болатын жаңа шаралар жөнінде неліктен бір уақытты жариялағанын түсіндірген мұнай министрі Омана Мухаммад аль- Румхи, «IPHONE 7 IPHONE 5-тен әлдеқайда жақсы» екенін ескерді. Желтоқсандағы кездесуде ОПЕК елдері ынтымақтастық туралы жаңа бітімге келуді ойлаған болатын. Алайда В.Путиннің келісім жөнінде жасаған мәлімдемесіне қарағанда, ендігі мәселе бітімді ағымдағы қатысушылармен, ағымдағы үлес мөлшерімен ұзарту болмақ. Қазір келісімнің шарттары анық: үлестері анықталған және үлестен шығатын елдердің белгіленген өндіріс деңгейін қайтарып беру қисынды болмақ. Bloomberg дереккөзінің айтуы бойынша, ОПЕК кеңесші органы, өндіруді күніне 1,3 млн баррельге ОПЕК елдеріне ғана төмендету керек деп санайды. Қазір келісім бойынша үлесі артылып тұрған елдер - Сауд Арабиясы, БАӘ және Ирак. Осылайша, егер осы ОПЕК елдерін келісім шарттарын толығымен орындауға шақырса, нарықтан күніне 1,3 млн баррель азаяды: 700 баррель Сауд Арабиясы тарапынан және Ирак пен БАӘ елдері жағынан күніне 300 мың баррельден. Осы елдер 2016 жылдың қазан айындағы өндіру деңгейін күніне 350 мың баррельге арттырып тұр. Осы орайда, Иран АҚШ санкциялары кесірінен мұнай өндіруді күніне 500 мың баррельге төмендетті, Ангола алдыңғы екі жылмен салыстырғанда күніне 200 мың баррельге кем өндіреді. Ал келісім бойынша ол өндіруді күніне тек 80 мың баррельге ғана төмендетуі қажет еді. Венесуэла бітімде келісілген өндіру деңгейінен, күніне 800 мың баррельге жуық кем өндіреді. Бұл - осы аталған елдерге қолайлы жағдай кезінде өндіруді теориялық турде өсіре алатын көлем мөлшері. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы желтоқсанда мұнайға деген сұраныс қарашаға қарағанда күніне 500 мың баррельге кем болғанын хабарлады. Ресей 2 жыл бұрынғыдай, ауа райының салқындығына байланысты, кен орындарын бұзбай, ұңғымаларға шүмектерді бірден бұрауға болмайтынын сылтауратып, өндіруді біртіндеп төмендету мүмкіндігін сұрауы ықтимал.Саяси экономика сабақтары
Мұнай өндіруді төмендетудің экономикалық қажеттілігі бар ма, әлде политикалық факторларды жоққа шығаруға болмайды ма? Қазан айында Сауд Арабиясы АҚШ-та қызмет атқарған арабиялық (сауддтық) журналист Джамал Хашагидің өліміне байланысты батыс державаларының қаһарына ілікті. АҚШ Сауд Арабиясына қатысты санкциялар енгізу жайлы сөз қозғаған болатын, алайда, экономикалық санкциялар болмады. АҚШ тек Сауд Арабиясының 15 боданына қатысты санкция енгізумен ғана шектелді. Бірақ, қазір Сауд Арабиясы бағаны одан әрі төмендетуге щақырған Д. Трамптың «талабына сай болмай» тұр. Ресейдің мұнай өндіруін төмендету жөнінде сөз қозғауға асықпағаны дұрыс. Бірақ Керчь бұғазында болған жанжал кесірінен жаңа санкцияларға қайта ілігу қатері төнген соң және Д. Трамп Аргентинада G20 саммиті түзінде В. Путинмен кездесуден бас тартқаннн кейін, нәтижесінде В. Путин және Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мохаммед бин Салман «қол алысып», мұнай өндіруді төмендету жөніндегі келісімді ұзартуға ниетті екендерін жариялады. Дегенмен, Д. Трамп әдеттегі дәстүрінен тайып, бұны жұрт алдында жария қылмады. Оның да жоғары бағаларды қалағанын жоққа шығаруға болмайды. Америкалық БАҚ жазғандай, АҚШ- та Президенттің «нарыққа арзан баға керек» деген саясатын бәрі бірдей қолдамайды. Осы орайда АҚШ-тың әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушылардың бірі ғана емес, мұнайды экспорттайтынын да ескеру керек. Бағалардың құлдырауы нәтижесінде, американдық компаниялар акцияларының бағасын белгілеуі төмендейді. Сонымен қоса, АҚШ Қытайға мұнай жеткізеді, соған қарамастан, Д. Трамп Қытаймен сауда қырқысын бастап, кейін Қытайға басқа елдермен бірдей ирандық мұнайды импорттауына рұқсат берді. Американдық сарапшылардың бағалауынша, тақтатасты мұнай өндірісі тиімді бағасынан төмендеді. Бұрын баррель құны 50$ болса, қазір баррель құны 35-45$ тең. Сондықтан мұнай өндіру болжамдарын бірте-бірте көтеріп отырған АҚШ басқа елдердің мұнай өндіруді төмендетуінен пайда көріп, олардың нарықтағы үлесіне ие болып, жеңіске жетпек. Ал біз ше, біз не ұтамыз?Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024