Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ШҚО-да 25 млн долларға титан өндіріледі

ШҚО-да 25 млн долларға титан өндіріледі

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz – «Динатрон-Қазақстан» кәсіпорнында салмағы 150 келіден асатын таза титанның бірінші құймасы балқытылып, екіншісі балқытуға салынды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, ШҚО-дағы «Ертіс химия-металлургия зауытының» аумағында орналасқан аталмыш кәсіпорын 10 жылдан кейін қайта іске қосылды.

Кәсіпорын директоры Виктор Поповтың айтуынша, шығарылатын өнімге үлкен сұраныс бар. Қазірдің өзінде Жапониядан тапсырыстар келген. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 25 млн доллардың өнімін шығару жоспарда бар(500 тонна жоғары сапалы титан және 120 тонна ниобий).

«Титан құймаларын шығарудан басқа тағы үш цех салу жоспарлануда. Олар: соғу, табақ прокаттарын және құбыр прокаттарын шығаратын цехтар. Кәсіпорынның 10 жылға арналған даму бағдарламасы жасалды. 2024 жылға дейін соғу, табақ прокаттары және құбыр прокаттары өндірісіне арналған жабдықтарды салуға және жеткізуге тартылған инвестиция көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды», - деп толықтырды министрлікте.

Сондай-ақ, радарлық және ғарыштық техника үшін тантал және ниобий микроконденсаторлар өндірісін жолға қою жоспарлануда.

Похожие материалы