ШҚО-да мектеп-интернаттың директоры 12 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды
ШҚО. 28 шілде. 7kun.kz – Жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры 12 миллион теңге жымқырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі ШҚО-да жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатты тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Шығыс Қазақстан облысындағы жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының директорына қатысты 12 миллион теңгеден астам қаржы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Агенттіктің хабарлауынша, 2013-2019 жылдар аралығында мектеп-интернат директоры физиотерапиялық жаттығуларға бөлінген бюджет қаражатын жымқырған. Ол оқу сағаттарын өткізу үшін жалақы алды, бірақ сабақ өткізбеген.
Жалған жұмыс үшін басшы интернат қызметкерлеріне 6,5 миллион теңгеден астам сомаға қосымша ақы есептегені анықталды. Ақшаны алғаннан кейін мекеме қызметкерлері оны директорға аударып отырған.
Сондай-ақ интернат директоры өзінің танысының жұбайын қарызды өтеу есебіне жалған жұмыспен қамтып, оған 729 мың теңге көлемінде жалақы төлегені атап өтілді.
«Интернат директорының кінәсін толық мойындағанын, залалды өтегенін және асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере отырып, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы әйелге төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», - деді Қаржы мониторингі агенттігінде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024