Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Риддерде 380 млн теңгеге қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жобасы жүзеге асырылуда.
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жоба Эталон фирмасының өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
«Бүгінгі таңда цех құрылысы үшін жер учаскесі жасалды, жоба қабылданды және кешенді тәуелсіз ведомстволық сараптама жүргізілді, ұзақтығы 300 метрге созылған жол аяқталды. Цехтың іргетасын құю жұмыстары аяқталды, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау үшін жабдықтар сатып алынды», - деп толықтырды басқармада.
Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру мерзімі 2019 жылға жоспарланған. Кәсіпорынның қуаттылығы 24 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды құрайды.
Цехтың құрылысы 2019 жылдың II тоқсанында басталады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024