ШҚО. 25 қараша. 7kun.kz – Қос азаматтықпен жүрген Риддер тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, көші-қон қызметінің қызметкерлері Риддер қаласының 21 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол 2020 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алған, алайда ол туралы тиісті мекемелерге хабар бермеген.
Қазақстан заңнамасы бойынша кез келген басқа азаматтығын алғаннан кейін адам күнтізбелік 30 күн ішінде қазақстандық үлгідегі паспорт пен жеке куәлікті тапсыруға және азаматтығынан айырылғанын тіркеуге міндетті.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаевтың сөзінше, жыл басынан бері ШҚО полиция департаменті 50-ден аса қос азаматтық фактісін анықтаған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024