Шу. 26 қыркүйек. 7kun.kz – Шудағы атысқа қатысты деген күдікпен 3 адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция қылмысқа қатысқандардың барлығын анықтады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау қапасына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес қамауға алу туралы сұрақ қаралады. Сондай-ақ тағы бір күдіктіге қылмыстық қудалау органдары халықаралық іздеу жариялады»,– деді Жамбыл облысы ПД бастығынын орынбасары Алмас Саламатов.
Айта кетейік, атыс Шу ауданында 25 қыркүйекке қараған түні болған. 23-26 жас аралығындағы төрт жігіт оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі қаза болды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024