Шығыс Қазақстанда тұрғын қарызын қайтармау үшін тонап кетті деп өтірік айтқан
ШҚО. 28 қазан. 7kun.kz – Шығыс Қазақстан облысының полициясы өтірік мәлімет жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды 7kun.kz.
Риддер қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын жеткізген.
30 жастағы жәбірленушінің айтуынша, түнде оның үйіне бетперде киген белгісіз үш адам кіріп, оған қатысты күш қолданып, 3,8 млн теңгесін алып кеткен.
Полиция Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша дереу қылмыстық істі тергеуге кірісті.
Алайда арызданушымен әңгімелесу барысында ер адам полицияға өзіне қарсы ешқандай қылмыс жасалмағанын айтты. Ол танысына 950 000 теңге қарызын қайтарғысы келмегендіктен тонау туралы өтірік айтқан.
Енді ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес «жалған жәбірленушіге» үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024