Алматы. 29 қараша. 7kun.kz - 10 желтоқсаннан бастап Шымбұлақта шаңғы, сноуборд тебу құны өседі. Бұл туралы тау-шаңғы курортының сайты жариялады.
Kapital.kz жазуынша, қазіргі уақытта жұмыс күндері ересектерге арналған күндізгі абонемент құны 4500 теңге тұрады. Шымбұлақ сайтындағы ақпарат бойынша, 10 желтоқсаннан бастап мұндай абонементтердің бағасы 6500 теңгеге көтеріледі. Балаларға арналған абонемент құны 2500 теңгеден 3000 теңгеге дейін көтеріледі. Ал сенбі-жексенбі, мектеп демалысы және мереке күндеріндегі үлкендерге арналған абонемент 6500 теңге еді. 10 желтоқсаннан бастап олардың құны 46%-ға яғни 9500 теңгеге өседі. Ал балалар абонементі 3000 теңгеден 4500 теңгеге дейін қымбаттайды. Демалыс және мереке күндеріндегі төрт сағаттық абонементтер бағасы да жоғарылайды. Ересектерге арналған билет құны 5 500 теңгеден 8 500 теңгеге, ал балалар билеті 2 500 теңгеден 4 000 теңгеге қымбаттайды. Тек жұмыс күндеріндегі 4 сағаттық абонемент құны 4 000-нан 5 500-ге, балалар абонементі 2 000-нан 2 500-ге көтеріледі. Айта кетейік, осыған дейін 2016 жылдың наурызында "Chimbulak Development" ЖШС директоры Ержан Еркінбаев аспалы жол бағасы өзгермейтіндігін айтқан еді. Бір бағыттағы баға 1500 теңге, барып-келу 2500 теңге күйінде қалады. "Басқа қызметтердің тарифі көтерілгенде, мұны өзгеріссіз қалдырдық. Бірақ бағаны төмендетпейміз де. Бұған көптеген себеп бар", - деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024