«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыстады.
Ресми құжатты табыстау және нәтижені бекіту рәсімі теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясында өтті.
«Шымбұлақ» ММ бас директоры Ринат Абдрахманов қазақстандықтарды құттықтап, курорт қонақтармен сәлемдесті.
«Біз алдымызға өте өршіл міндет қойдық, оны орындау біз үшін сын-қатер болды. 6 ай ішінде осы трассаны салып, 25 тірек тұрғызып, беткейдің төрт шақырымдай ұзақтығын түнгі жарықтандыру керек болды. Баршамызға армандауды тілеймін. Қорықпаңыздар! Өйткені арман мақсатқа, ал мақсат - шындыққа айналады», - деп атап өтті Ринат Абдрахманов.
Guinness World Recordsкеңсесінің судьясы Seyda Subasi-Gemici қазақ тілінде ресми нәтижені жариялап, қазақстандықтарды құттықтады.
«Әлемдік рекордты орнату үшін мынадай шарттарды орындау қажет болды:
1. Рекорд орнату үшін биіктігі метрмен өлшенуі тиіс;
2. Білікті маман дәл осы жерде, Сол жақ Талғарда өлшеу жүргізуі тиіс еді;
3. Курорттың беткейлері ресми түрде FIS деп танылуға тиіс;
4. Курорт штаттық режимде трасса бойында қосылған жарықпен жұмыс істеуі керек», - деп атап өтті SeydaSubasi-Gemici.
Судья ең ұзын түнгі трассаның рекордын орнатудың ең төменгі биіктігі теңіз деңгейінен 3100 метр екенін айтты.
«Мен Шымбұлақ тау курорты» «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына ресми түрде кіргенін ресми түрде хабарлауға қуаныштымын», - деп жариялады Guinness World Records өкілі.
Сондай-ақ қазақстандықтарды тарихи жетістікпен ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтады.
«Бұл барша ел үшін үлкен жетістік. Әрине, әлеуетіміз зор, «Шымбұлақ» еліміздегі туризмді дамытудың негізгі орындардың бірі», – деді министр.
Министрдің айтуынша, қазір ведомствоның араласуымен нақты қадамдар қабылдануда. Мәселен, елде алдағы жеті жылға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Соның аясында жергілікті атқарушы органдармен, серіктестермен, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп инфрақұрылымды және туризмімізді дамыту көзделуде.
Шара соңында қызыл лента салтанатты түрде кесіліп, ең биік түнгі тау шаңғысы трассасымен төмен қарай жаппай сырғанау өтті.
Айта кетейік, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясынан түнгі шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған болатын. Тау шаңғы курортының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі шаңғымен сырғанауға 50 346 турист келген, биылғы көрсеткіш одан 10% есе артық, келушілер саны 55 486 құрады. Сондай-ақ биылғы сырғанау маусымында курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгерген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024