Шымбұлақта шаңғы тебудің құны қанша? Алматылықтар мен қала қонақтарын қыста алаңдататын сауалдың бірі осы. 7kun.kz сауалға жауап іздеп көрген еді.
www.shymbulak.com сайтындағы ресми ақпаратқа сүйенсек шаңғысүйер қауым түнгі абонемент, күндізгі абонемент (сағат 09.00-17.00 аралығында), 4 сағаттық абонемент, 7 күнге жарайтын апталық абонемент сатып ала-алды. Түнгі сырғанау тек жұмыс күндері ғана қолжетімді. Бағасы 2300 теңге, зейнеткерлер мен «жастар» тарифі («жастар» тарифымен 23 жасқа дейінгі тұлғалар қолдана алады) үшін 1300 теңге. Егер күндіз сырғанағыңыз келсе Күндізгі абонемент құны ересектер үшін демалыс күндері 8000, 10 жасқа дейінгі балалар үшін 5000, жұмыс күндері ересектерге 5500, зейнеткерлер мен «жастарға» 3000, 4 сағаттық абонемент демалыста үлкендер үшін 7000, балалар үшін 4500, жұмыс күндері 4500, зейнеткерлер мен жастарға 2500 теңге. Бұлармен қоса қолыңызда «Шымбұлақ» пластик картасы болуы міндетті, оның құны - 1 500 теңге. Апталық абономент 32 000, 10 жасқа дейінгі балалар үшін 20 000 теңге. Мұны көбіне шаңғыға берілгендер немесе осы үшін шетелден келген қонақтар алады екен. Шымбұлаққа баратын алматылықтар арасында сауалнама жүргізіп көрген едік. Көпшілігі 4 сағаттық тарифті таңдайтын болып шықты. Өйткені баға қолайлы, 4 сағат уақыт шаңғы тебуге еркін жетеді. Одан кейін көпшілік түнгі уақытты таңдайды екен. Өйткені түнде адам аз. Қалағаныңша шаңғы тебе аласың. Демалыс күндері де баратындар көп. Алайда адамның көптігі, бағаның сәл қымбаттағынан күндізгі 4 сағаттық немесе түнгі шаңғы тебуге жол береді. Алматылықтар арасында сұранысқа ие 4 сағаттың жалпы құнын (ересек адам үшін) есептеп көрген едік. Сонымен, міндетті нәрсе «Шымбұлақ» пластик картасы - 1500 теңге (егер қолыңызда болса, мұны қоспайсыз). 4 сағаттық абонемент – 7000 теңге. (Біз күндіз, демалыс күнгі бағаны алдық. Бұл абонементпен Шымбұлаққа дейінгі аспалы жолмен бір рет шығып түсе аласыз). Киім сатып алу Алматылықтар "егер шаңғыны тұрақты тебетін болсаңыз арнайы киім сатып алған дұрыс" дейді. Арнайы дүкеннен немесе сайттардан аламын десеңіз, мысалы www.limpopo.kz сайтында шаңғы 129 000 теңгеден басталады. Оған 17 000 басталатын аяқ киімін қосыңыз. Таяқтары 3000 теңге. Шлем 8900 теңге. Шалбар 20 000 теңге. Күртеше 24000 теңге. Қолғап 3200 теңгеден басталады. Әрине, бұдан арзаны, бренд үшін бас айналдыратын баға сұрайтыны, қымбаты да бар. Біз орташа бағаны ұсынып отырмыз.Ең төменгі бағамен есептегенде барлығы 205 100 теңге болды. Ең арзаны әрине базарда. Жоғарыдағы соманың жартысына алуға болады. Бірақ, сапасына кепілдік жоқ. Тау шаңғысы қауіпті спорт саналатынын ескерсек, шлемсіз 3000 метр биіктіктен төмен құлдилай салу қауіптілеу нәрсе. Сондықтан, барлығын сақадай-сай етіп алған дұрыс. Киімді жалға алу Егер сатып алуға қаражатыңыз болмаса немесе жиі шаңғы теппейтін болсаңыз, жалға алған дұрыс. Біздің сауалымызға жауап бергендердің көпшілігі extremal дүкендерінен алады екен. extremal.kz сайтындағы деректерге сүйенсек шаңғы+аяқ киімі+таяқ жұмыс күндері 2000, демалыс күндері 3000 теңге. Куртка 1500, шалбар 1500, шлем 1000, қолғап 500, көзілдірік 500 теңге . Барлығы 8 000 теңге. Жалға алу үшін жеке куәлігіңізді беріп кетесіз. Уақытынан асырсаңыз үстеме тағы төлейсіз. Жалпы құны Сонымен шаңғы тебу үшін ең арзаны 205 000 теңге шамасында арнайы дүкеннен немесе 150 000 теңгеге дейін базардан алған шаңғы, киіміңіз болса 4 сағат Шымбұлақта демалыс күні карта құнымен қосқанда 8 500 теңгеге шаңғы теуіп келе аласыз. Егер шаңғы, киіміңіз болмаса барлығын 8000 теңгеге жалға алып + 8500 теңге барлығы 16 500 теңгеге 4 сағат шаңғы тебуге болады. Көлігіңіз болмаса таксимен қала орталығынан 2000-3000 теңгеге такси жалдап баруға болады. Немесе Құрманғазы –Достық даңғылының қиылысынан 12 автобуспен баруға болады. Барып қайтуыңыз 160 теңге. Шымбұлақта тамақтану бір адамға ең арзаны кемінде (менюдегі бірінші мен шайды таңдасаңыз) 3000 теңгені құрайды. Бұларды жоғарыдағы сомаға қоссаңыз болады. Айтпақшы, көпшілік тамақты өзімен апарғанды жөн көреді. Үнем үшін. Айтпақшы, шаңғы теппей жай қыдырып қайтқыңыз келсе «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолымен және Шымбұлақтан ары қарай + комби 1+ комби 2 аспалы жолдарымен екі жаққа жүру құны 3500 теңге. Бағасы жоғарыда көрсетілген жолақыңыз бен тамақ бағасын қоссаңыз бір күндік қыдырып қайтқаныңыздың құны шыға келеді. Шымбұлаққа жәй шыққаныңыздың өзі кемінде 5 000 теңге болып тұр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024