Шымкент қаласының 5 саябағында тегін wi-fi пайда болды: Абай атындағы, Орталық, Тәуелсіздік, Жеңіс және Жастар саябақтарында.
"Нұрсәт" ықшам ауданының аллеясында демалушылар да ғаламторды пайдалана алады. «Тегін уай-файмен қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында 3 млн теңге бөлінді. Ғаламтор таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 23-ке децін қосылып тұрады. Жылдамдығы - 8 МБ. Бұл әлеуметтік желілерге кіруге, сайттарды қарауға, музыка тыңдауға, видеоны көріп қана қоймай, жүктеуге де мүмкіндік береді», - дейді «Шымкент жастары» мекемесінің директоры Абзалбек Өбелтаев.
Ғаламторға жауаптылардың айтуынша, қолданушыларға 70 экстремистік және порно-сайттарға кіруге бұғат қойылған. Шымкент қаласының саябақтарында ғаламтор 2014 жылы қалалық әкімдіктің бастамасымен қосылған болатын. Ол кезде әкімдіктің есебі бойынша, күніне 2500-2800 адам ғаламторды пайдаланып отырған.
Өткен жылы желі лимитсіз болатын. Осы жылы әр адамға бір күнге 20 МБ беріледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қанша адам, қай саябақта тұтынып отырғанын көруге мүмкіндік алды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024