Астана. 27 қазан. 7kun.kz - Павлодар мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) толық режимде жұмыс істеп, жоғары сапалы отандық бензин беруі тиіс. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
ҚР Энергетика министрінің айтуынша, айдың соңына дейін Қазақстанға 100 мың тонна бензин жеткізіледі.
"Қазақстанға кеше 64 мың тонна жанармай импортталса, зауыттарда 85 мың тонна жүктелді. Қарашада 270-280 мың тонна бензин қажеттілігі туындайды деп ойлаймыз. Оның белгілі бір бөлігін елдегі үш мұнай өңдеу зауыты есебінен жабамыз. Шымкент және Павлодар мұнай зауыттары артығымен жұмыс істейді. Атыраудағы зауыттың жұмысын төмендетеміз. Себебі желтоқсанда каталитикалық крекинг қондырғысын енгізуі тиіс», - деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, министр қазақстандық бензиннің жеткізілуінен қараша айында баға тұрақталатындығын айтқан.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024