Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz — Шымкентте 13,7 млрд теңгенің метил-трет-бутил эфирін өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы Қазақстанның Даму банкі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, жоба бастамашысы - "Шымкент химиялық компаниясы".
"Жобаның құны 13,7 млрд теңгені құрайды, банк 10 жылға дейінгі мерзімге 9 млрд теңге сомасында несие береді, қалған бөлігін 4,7 млрд теңге көлемінде компания өз қаражаты есебінен салады", – делінген хабарламада.
Банктің хабарлауынша, бөлінген ақша зауыттың жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарына, сондай-ақ құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады.
Айта кетейік, осы жобаны іске асыру есебінен мұнай-газ-химия шикізатын өңдеу тереңдігі артады деп күтіледі.
"Зауыттағы бутан-бутилен фракциясын одан әрі қайта өңдеу бутил эфирінің метил-третін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ол К4 және К5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензиндерді өндіру үшін ШНӨЗ пайдаланылатын болады", – деп атап өтті банкте.
Жаңа өндірістің қуаты 57 мың тонна дайын өнімді құрайды. 2020 жылдың ортасында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталады деп күтіліп отыр.
Зауытта 152-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024