Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкентте жіп иіру зауыты іске қосылды

Шымкентте жіп иіру зауыты іске қосылды

"Бәйтерек" ұлттық холдинг компанияларының тобы Шымкентте "Oxy Textile" ЖШС мақта-мата жібін өндіретін зауытты іске қосты деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Жобаны іске қосқан "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстанның даму банкі-Лизинг" АҚ және "Baiterek Venture Fund" АҚ компанияларының тобы. Шикізатты сатып алу және "Oxy Textile" ЖШС өндірісін іске қосу үшін "Baiterek Venture Fund" АҚ тарапынан құйылған инвестиция соммасы 907,5 млн теңге болды.

Зауыт қуаты - жылына мақта-мата жібінің 6 183 тоннасы. Бірінші кезеңде өндірілетін өнім экспортқа шығарылады, содан кейінгі кезеңде Қазақстанның ішкі нарығы игрерілмек.

"Oxy Textile" ЖШС зауыты "Бәйтерек" ұлттық холдингінің кәсіпорындарды сауықтандыру және оңалту жөніндегі бағдарламасы аясында іске қосылды.

"Oxy Textile" ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысында "Оңтүстік" ЕЭА аумағында орналасқан.

Похожие материалы