Шымкент қаласында отандық өндірушілер шығаратын ойыншықтар жәрмеңкесі болып өтті.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жәрмеңкеге елімізде шығарылатын ойыншықтар мен балаларға арналған қолөнер бұйымдары қойылған. Бұл шараның жасалап отырған басты себебі - қазақстандық ойыншықтардың атын шығару. Оңтүстік қазақстандық өндірушілер тыс қалмады, жәрмеңкеге 10 мың түрден аса ойыншықтар қойды. Мұның ішінде, құрастырғыштар, ойыншық көліктер, құмда ойнауға арналған жинақтар және т.б ойыншық түрлері болды. Бағасы да қолжетімді, сапасына алаңдамаса да болады деп сендіруде шығарушылар. «Біздің ойыншықтарымыз тез сынып қалмайды, берік, қауіпсіз. Бала үшін маңыздысы да осы емес пе? Бағасы жайында айтар болсақ, қытай ойыншықтарының бағасымен бірдей. Бірақ, сапасын салыстыруға келмейді», - дейді кәсіпкер Райхан Әрішева. Жәрмеңкеге елімізге белгілі "Бал-бала" қуыршақтарымен қатар, нарықта енді танылып келе жатқан 30-дан аса кәсіпкерлер қатысты. Келушілер ойыншықтарды тамашалап қана қоймай, сатып ала алады да. Бұл жерде бас қатырғыштар,құрастырғыштар яғни, сұранысқа ие ойышқытар саны көп болды. Қолдан жасалған кітап көрмесінің жанында адам саны көбірек жиналды. Тіпті Түлкібас ауданынан келген Надежда Корончук жәрмеңкеге көзі нашар көретін балаларға арналған 30 дамтытатын кітап алып келген.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024