
Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Шымкентте 2019 жылдың наурыз айының соңында металлургиялық зауытты іске қосу жоспарлануда.
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, кәсіпорын «Оңтүстік» индустриялық аймағының аумағында салынған.
«Жоба «Amir-A»-ның (Sin Yuan Steel) жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Қытайдың үлесі 70%-ті құрайды. Кәсіпорынның жалпы құны – 50 млн доллар. Зауыт құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Қазіргі уақытта ол аяқталды», - деп қосты ведомстводан.
Дайын өнімнің 50%-і Тәжікстанға, Өзбекстанға, Түркіменстанға, Қырғызстанға және Ресейге экспортталады деп жоспарлануда.
Әкімдіктің айтуынша, өндіріс көлемінің артуымен бюджетке төлемдер пропорционалды түрде өседі. Сонымен қатар 250 жұмыс орны құрылады.