Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Шымкенттік қыз-келіншектер 10 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие ала алады. Кредиттеудің жаңа бағдарламасын әйелдерге «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ұсынып отыр, деп хабарлайды inform.kz.
Бұл бастама «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Сала мамандары шымкенттіктерге жаңа бағдарламаның талаптарын таныстырды. Оған сәйкес, аталған банк әйелдерді, олардың стартап жобалары, айналым капиталын қаржыландыратын болады. Несиенің жылдық пайызы да тиімді, небәрі 5 пайызды құрайды.
Мамандардың айтуынша, 10 миллион теңгеге дейінгі несиеге жыл соңына дейін кем дегенде 100 адам қол жеткізуі тиіс. Банк өкілдері болса қомақты қаражат кез келген салада жүрген қыз-келіншектерге берілетінін айтып отыр. «Кәсібін жүргіземін деген қыз-келіншектер арыздарын өңірлік Кәсіпкерлер палатасына өткізе алады. Біз оларды қабылдап, қолдау көрсетеміз. Атап айтқанда «Халық банкке» дейін соларды сүйемелдеп, несие алғанға дейін көмектесеміз. Осындай өтініштерді әйел адамдар «Халық банкке» де тікелей тапсыра алады»,- дейді Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрмен.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/shymkenttik-kyz-kelinshekterge-zhenildetilgen-nesie-berile-bastady_a3316842
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024