Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шымкенттік МӨЗ күрделі жөндеуден өтеді

Шымкенттік МӨЗ күрделі жөндеуден өтеді

"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС күрделі жөндеуді өткізу мақсатында Шымкенттік МӨЗ-дің 38-күндік мерзімге жоспарлы түрде жабылатындығы туралы хабарлайды.

20 наурыз бен 26 сәуір аралығында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ге тиесілі Шымкенттік МӨЗ  жоспарлы күрделі жөндеуді өткізу үшін жұмысын тоқтатады. Күрделі жөндеу уақытында мына профилактикалық жұмыстар орындалмақ: ыдыстар мен аппараттарды техникалық зерттеу, сорғылар мен компрессорларды жөндеу, технологиялық пештерді тексеру, технологиялық құбырларды тексеру, электр жабдықтарға, БӨАжА аспаптарына жүрігізілетін профилактикалық және жөндеу жұмыстары, ескірген жабдықты ауыстыру, сонымен қатар зауытты модернизациялауға қатысты жұмыстар.

Күрделі жөндеуге тоқтатылу кестесі ҚР Энергетика министрлігімен келісілген.

Күрделі жөндеуге тоқтатылар алдында МӨЗ резервуарларында әлеуметтік маңызға ие мұнай өнімдерінің қажетті мөлшері жинақталған: тауарлық мұнай өнімдерінің шамамен 87 700 мың тоннасы, оның ішінде бензин 31 900 мың тонна және дизельдік отын 30 мың тонна.

Ақпарат көзі: otyrar.kz

Похожие материалы