Шымкент. 27 шілде. 7kun.kz - Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» сауда белгісінің өнімдері енді шетел нарығында саудаланады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылады. Өндірушілердің айтуынша, бағасы қытайлық ойыншықтардан екі есе арзан әрі барлық халықаралық экологиялық талаптарға сай келеді дейді.
Кәсіпкерлер екі өндірістік жүйені сатып алуға қаржыны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында алған. Кәсіпорынның өндіріс қуаты айына үш мың өнімнен асады. Дегенмен, өндіріс көлемін 10 мың данаға дейін көбейту мүмкіндігі бар.
Қазіргі таңда кәсіпорын өндірісі толығымен жолға қойылған. Жақында кәсіпкерлер индустриалды аймақтағы жаңа ғимаратқа көшті. Енді өндіріс қуатын арттырып, таяу және алыс шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024