Немістің трансұлттық Siemens концерні табыс көлемінің азаюына байланысты 4,5 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Осы жылдың бірінші тоқсанындағы пайда өндіріс шығындарына байланысты 4,9 пайызға азайып, 1,9 млрд долларды құрады. Бірақ концерн түсімі 8,1 пайызға ұлғайып, 18 млрд еуроға дейін жетті. Siemens-тің атқарушы директоры Джо Кайзердің атап өтуінше, бизнестің қазіргі жағдайы басшылықтың шығындарды азайтуға қарсы шара қолдану қажеттігін көрсетеді. Осыға дейін 2015 жылдың ақпанында Siemens-тің әлем бойынша 7,8 мың қызметкерін қысқартатындығы хабарланған еді. Ол кездегі жұмысынан босату 2014 жылдың мамырында жарияланған қайта құрылымдау аясында өткізілді. Үнемделген миллиард еуроны инновацияға, өндірістік бастама және компанияның даму қарқынын көтеруге бағыттау туралы шешім қабылданды. Қаңтар айының соңында Siemens қаржылай есебін жариялады. Құжатта бизнесті жүргізуге кедергілердің бірі ретінде геосаяси шиеленістердің себеп болғандығын да атап өтеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024