Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік СУ-24 ұшағы Сирияда атып түсірілгеннен кейін әлемдік қор нарығы құлдырап жатыр

Ресейлік СУ-24 ұшағы Сирияда атып түсірілгеннен кейін әлемдік қор нарығы құлдырап жатыр

Түркия әуе күштері Сириядағы ресейлік СУ-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін әлем нарығы құлдырап жатыр, деп жазады The Wall Street Journal.

Оқиға туралы ақпарат тарағаннан кейін  BIST 100 түрік қор индексі 1,8%-ға төмендеген. Ал түрік лирасы долларға қатысты 0,9%-ға әлсіреген.

РБК сайтының хабарлауынша, ұшақтың құлауы ресейлік индекстердің де құлдырауына әсер еткен. ММВБ индексі 1,95%-ға, ал РТС — на 2,8%-ға төмендеді. Доллардың биржа курсы 0,69%-ға көтеріліп, 66,319 рубльді құрады, еуро 0,87%-ға көтеріліп, 70,574 рубль болды.

Stoxx Europe 600 еуропалық қор индексі 1,4%-ға түсті. Индекстердің ең көп мөлшері туристік компанияларда төмендеген. Бұдан бөлек, ЕasyJet3 Lufthansa, International Airlines Group әуе компанияларының акциялары 3%-ға төмендеген.

Дегенмен түрік-сирия шекарасында болған оқиға мұнай бағасын біршама көтерді. Қара алтынның бағасы 1,12%-ға қымбаттап, баррелі 45,33 доллар болды.

Похожие материалы