Астана. 12 қыркүйек. 7kun.kz - Сирияның қарулы оппозиция өкілдері Астанадағы келіссөздердің алтыншы раундына белсенді қатысады. Бұл туралы Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.
"Қазақстанның консулдық мекемелеріне сириялық қарулы оппозиция өкілдері кіру визаларын беру туралы ресми түрде сұраныс жолдады. Бұл өткен жолғыдай сириялық қарулы оппозиция өкілдерінің келесі раундқа қатысатынын білдіреді", - деді Әбдірахманов.
Ол Иорданияға Оңтүстік фронттың атынан және басқа жағынан топтар келетінін де хабарлады.
Айтуынша, олар бұған дейінгі келіссөздерге қатысқан және ымыраласу режиміне қосылғанд.
Еске салсақ, бұған дейін, ҚР СІМ баспасөз қызметі Сирия бойынша келіссөздердің алтыншы раунды Астанада 14-15 қыркүйекте өтетінін хабарлаған.
Дереккөз: tengrinews.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024