Монополияға қарсы заңнаманы бұзған «СК-Фармация» 1,3 млрд теңге айыппұл төледі
Астана. 31 наурыз. 7kun.kz - «СК-Фармация» монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 млрд теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға қатысты жүргізген тергеп-тексерулерінің қорытындысы бойынша, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2016 жылдың 12 желтоқсанында үкім шығарған болатын.
Оған сәйкес, «СК-Фармация» ЖШС лоттарды шектеу, лоттардың жеңімпаздарына қосымша міндеттемелерді күштеп таңу жолымен адамдар тобы бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ДЗ және ММБ) сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алу нарығын бөлуде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Тергеп-тексеру аясында «СК-Фармация» ЖШС 2010 жылдан бастап 2015 жыл аралығында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде ДЗ және ММБ сақтау және тасымалдау қызметін сатып алуды бір лотпен өткізген. Осылайша «СТОФАРМ» ЖШС аталған қызметтердің монополисі ретінде анықталған. Соттың «СК-Фармацияға» салған айыппұл сомасы 1,3 млрд теңгені құрады. 2017 жылғы 16 наурызда «СК-Фармация» ЖШС әкімшілік айыппұлды мемлекеттің бюджетіне толық көлемде төледі», - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігі таратқан ақпаратта.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024