Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Қытайдың Жыжияң университетінің ғалымдары 1.1 секундта қуатталатын, суық пен ыстыққа төзімді жаңа типтегі алюминий ــ графен батареясын ойлап тапты.
Аталған батарея ыстыққа да, суыққа да шыдамды әрі бүктеуге болатын икемділігімен ерекшеленеді. Оның бір беті графен жұқа қабыршақты, екінші беті түсті металл. Екі дана батареяны бір біріне жалғасаңыз LED шырағы жанады. Ал қуаттау сиымдылығы 120mAh/g. 250 мың рет тоқтаусыз жұмыс істегеннен кейін де қосымша 91 пайыз қуат күші алатыны анықталған. Сонымен қатар, бұл батареяны - 40 градус суықтықтан 120 градус ыстыққа дейін қолдануға болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024