Өскемен әкімі Бекболат Тілеухан және Қайрат Сатыбалдымен туыстығы туралы айтты
Өскемен. 13 маусым. 7kun.kz – Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Бекболат Тілеухан мен Қайрат Сатыбалдымен туыстық қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлеуметтік желілерде Өскемен әкімі мен журналистің шағын сұқбаты таралуда. Онда тілшінің ұрлық үшін қамауға алынған Қайрат Сатыбалдымен туыстығы бар ма деген сұрғана қала әкімі «Жоқ, әрине» деп сенімді жауап берді. Сондай-ақ, ол мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеуханмен де ешбір туыстығы жоқтығын айтты.
Бірақ сосын Бекболат Тілеухан мен жұбайының қарым-қатынасы туралы сұраққа келгенде, Өскемен әкімі іркіліп қалды.
«Олар бір ауылдан. Анам жағынан туыстық байланыстары бар. Қарағанды облысындағы бір ауылдан», – деді Жақсылық Омар.
Оның айтуынша, олардың экс-депутатпен ешқандай байланысы жоқ. Ол Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суретін де жоққа шығарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024