Әскери борышын өтеген 3 мың азаматқа жоғары оқу орындарына грант беріледі
Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz – 2023 жылдан бастап әскери борышын өтеген азаматтар жоғары оқу орындарына Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін ескермей-ақ түсе алады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, жобаны іске асыру 2023 жылдан басталады. Алайда қазірдің өзінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға да білім бойынша жеңілдіктер қарастырылған.
Қорғаныс министрлігі университеттер жылына кемінде 3000 грант бөледі деп шамалап отыр. Осылайша, әскерге шақырылған әрбір оныншы сарбаз оқуға тегін түсуге мүмкіндік алады. Бұған барлық әскери құрылымда қызмет еткен жауынгерлер қатыса алады.
«Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жоғары оқу орындарының ректорларына ең лайықты әскери қызметшілер оқу орнының грантына сене алады деген ұсыныспен жүгінді. Бұл бастаманы біз ұсыныс айтқан барлық университеттер қолдады», – деді Айгүл Төлембаева.
Барлық өңірлердегі 40-қа жуық жоғары оқу орны, соның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Satbayev University, Astana IT University бар. Үздік әскери қызметшілерге ЖОО гранты берілетін болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024