Соңғы 2 апта ішінде Apple құны 90 млрд долларға дейін арзандады. Мұндай қорытынды сатылымға шығарылған акциялар және олардың екі күндік төмендеп кетуіне байланысты есептелінді деп хабарлайды Lenta.ru.
6 тамызда акциялар 115 доллар деген белгіге тұрақтап, төмендей берген. 20 шілдеде 2015 жылдың 2 қаржылай тоқсанындағы қорытынды жарияламастан бұрын компания қағаздары 130,97 доллар деп бағаланған еді. Yahoo Finance мәліметінше, қазір Apple 656,21 млрд доллар деп бағаланады. Осы жылдың ақпанында компания құны 765 млрд доллар болған. Негативті тенденцияға байланысты Bank of America Merrill Lynch Apple акцияларын сатып алу бойынша ұсыныстарды позитив Buy деңгейінен нейтралды Neutral-ға (сатып алу ұсынылмайды, бірақ құтылу ерте) төмендетіп, бір акцияның шекті өсу бағасын 142 доллардан 130 долларға дейін түсірді. Сарапшыларды Apple iPhone-ның сатылымына бағынышты екендігі алаңдатып отыр. Акциялар құнының төмендеуіне Қытай нарығының да әсері бар. Тоқсан қорытындысы бойынша Apple Xiaomi және Huawei-ден кейінгі үшінші орынға ие болды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024