2014 жылы өндірілген мұнай мен газ көлемі соңғы 20 жылда ең төменгі нәтиже көрсетті деп хабарлайды IHS зерттеу компаниясы. Бірақ компания есебіне Солтүстік Америкадағы сланцты мұнай мен басқа да кен орындарындағы өндіріс көлемі қосылмаған. 2014 жылдың қортыныдысы бойынша 16 млрд баррель болатын мұнай мен газдың жаңа қорлары табылды. Осы арқылы, көрсеткіш 4 жыл қатарынан төмен түсіп барады. Бақылаудың қысқаруы әлемдік нарықтағы жағдайдың нашарлағанын көрсетеді, бірақ болашақта отынға деген сұраныс арта түспек, дейді The Financial Times басылымы. Бақылау мен өндіріс арасында ұзақ уақыт айырма болғандықтан, 2020 жылдың жеткізілімінен кейін қорлардың азаюы байқалуы мүмкін. Сланц өндірісінің дүмпуі АҚШ-тағы мұнай өндіріс болжамын өзгертіп, әлемдік қара алтын бағасының төмендеуінде басты рол атқарады. АЛайда америкалық мұнай өндірісінің көлемі әлемдік масштабпен салыстырғанда жоғары маңызға ие емес. Ол бүкіл әлемдік қара алтын өндірісінің 5 пайызын құрайды. Сондай-ақ шетелдік сарапшылардың айтуынша, Ресей, Қытай, Аргентина және Ливия тәрізді елдерде де сланцты мұнайдың аздаған қорлары бар. Бірақ олардың өндірісі бастапқы деңгейде. Таяу Шығыстағы дәстүрлі мұнай өндірісіне қарағанда сланцты шикізат көп шығынды талап етеді және бұл саладағы жаңа жобаларды іске асыру үшін табиғи қара алтын бағасының өскен қажет, дейді сарапшылар.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024