Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлері жеңілдікпен қаржы алады

Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлері жеңілдікпен қаржы алады

Петропавл. 6 қазан. 7kun.kz – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ «Қызылжар» бағдарламасы бойынша Солүстік Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобаларын қаржыландыру үшін «Нұрбанкке» 100 млн теңге салды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржыландырудың басты талаптары:

1. Қаражат Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген және сол өңірде жұмысын жалғастырып жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына беріледі. Саласы – экономиканың басымдық берілген салалары.

Бір шағын және орта кәсіп субъектілері (ШОКС) - 30 000 000 (отыз миллион) теңгеден аспайтын сома;

Мерзімі: жаңа құрал сатып алып, ескісін жаңартуға 84 айға дейін; айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін. Жылына 8,5 пайыздан аспайды.

Басымдық берілген салалар тізімі:

Секция Атауы ЭҚЖК коды
С Өңдеу өнеркәсібі 10-33
F Құрылыс
Азаматтық құрылыс (авто жолдар, көше, көпір, туннель, теміржол, аэродром, айлақ секілді басқа да сулы жердегі жобалар, суару жүйелері, өнеркәсіптік ғимараттар, құбыр және электр тарату жүйесі, ашық спорт кешендері т.б.) 42
G Көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдер жөндеу
Арнайы мамандандырылмаған дүкендегі бөлшек сауда 47.1
Азық-түлік, сусын, темекі секілді тауарларды арнайы дүкенде бөлшек сату (темекіден басқасы) 47.2
Арнайы мамандандырылмаған дүкенде тұрмыс заттарын бөлшек сату 47.5
Арнайы мамандандырылмаған дүкенде ойын-сауыққа қажет заттарды бөлшек сату 47.6
Арнайы мамандандырылмаған дүкендерде басқа да заттарды бөлшек сату 47.7
Шатыр асты мен базардағы бөлшек сауда 47.8
Нысанның жалпы аумағы 500 ш.м аспауы тиіс
I Тұрғын жай мен тамақтандыру қызметтері
Қонақ үй 55.1
Кемпинг, рекреационды автопарктер және трейлерлі парктер ұсыну 55.3
R Өнер, ойын сауық және демалыс
Спорт саласындағы қызметтер 93.1
Демалыс паркі мен тақырыптық парктердегі демалыс 93.21
Демалыс пен ойын-сауыққа арналған басқа да қызметтер 93.29
S Өзге де қызметтер көрсету
                    Компьютер, тұтынатын заттарды жөндеу 95
Тоқыма және тері бұйымдарын тазалау (химиялық) 96.01
Шаштара және сұлулық салондары 96.02
Жерлеу рәсімдері 96.03
Физкультура-сауықтыру 96.0

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы