Алматы. 29 қазан. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік инвестициялық банкпен негіздемелік келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды.
Құжат өткен жылы 16 қазанда Хельсинкиде жасалған.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылдың 17 қазанында Сенатта ратификациялау жобасын ұсына отырып, келісімді іске асыру Қазақстанға 400 млн еуроға дейін инвестиция тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Оның айтуынша, банкті қаржыландырудың негізгі бағыттары - энергетика, "жасыл экономика", телекоммуникация, көлік, өнеркәсіптің түрлі салалары,ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және шағын, орта бизнес.
Сондай-ақ, құжатта 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеттің 762 млн теңге көлеміндегі шартты шығыны туралы хабарланды. Бұл Солтүстік инвестициялық банктің салық салудан босатылуына байланысты.
Дәленов бұл ақпаратты түсіндірді.
«Егер пайыздық төлемдер болса, заңға сәйкес резидент еместен 10% кіріс салығын алу керек. Бұл төленетін пайыздардан. Егер тартылатын несие 400 млн еуродан аспайтын болса, онда осы соманың 2%-ы жылына 254 миллион теңге салықты құрайды. Үш жылдық бюджетте бұл 762 млн теңге. Болжамды шығын сомасына қарай, біз болжауды есептейміз. Бұл шартты шығындар екенін атап өтемін. Дәл осындай жағдайлар барлық халықаралық ұйымдарға қатысты», - деп түйіндеді ол.