Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстандық «Радуга» кәсіпорны сұйық сабын өндірісін жолға қойды.
Жергілікті тауар өндіруші ай сайын 100 тонна сұйық сабын шығарады. Нарықта сұранысқа ие өнімді өздері өндіреді.
«Ыдысты дайындау үшін бастапқы полимерлерді қолданамыз. Қазір бөтелкеге арналған шикізат өндіретін технологияны әзірлеп жатырмыз. Қазіргі атауы Bottle in Bottle. Пэт-бөтелкелерді жинап, өңдеп, пресс формалар жасап, олардан қаптама жасаймыз», - дейді «Радуга» ЖШС металл пластикалық бұйымдар зауытының директоры Евгений Ли.
Сабын дайындау үшін шикізатты компания Қазақстанда және Ресейдің көршілес аймақтарынан сатып алады. Дайын тауар қазақстандық және ресейлік нарықтарда сатылады. Экспортқа өнімнің 15%-ға жуығы кетеді.
«Біз тұрмыстық химия фабрикасын ашып, қатты сабын өндірісін бастауды жоспарлап отырмыз. Мұндай өндіріс Ресейде бар, Қазақстанда жоқ. Құрал-жабдықтар қазірдің өзінде алынды. Бізге Қытайдан оны құрастыру үшін баптаушылар келеді. Шілде айында өндірістік қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз. Ай сайын 500 тонна сұйық және қатты сабын шығаратын боламыз», - деді Евгений Ли.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024