
Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстан облысында 834 млн теңгеге жаңа өндіріс іске қосылады.
Өңірлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, облыста қатты сабын шығарылады. «РимҚазАгро» жобаны іске асыруға 834 млн теңге бөледі. Өндіріс 2019 жылдың тамыз айында басталады.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде 2019 жылдың І жартыжылдығының соңына дейін тағы бір жоба – бидай өңдеу зауыты іске қосылады.