СҚО. 30 маусым. 7kun.kz – Солтүстік Қазақстанда жастар мен еңбекке қабілетті халық жылдам азайып бара жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың бірінші тоқсанында келгендер саны кеткендер санының 69,6%-ін құрады. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында облысқа 2,9 мың адам көшіп келсе, 4 мыңнан астам адам кеткен.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Солтүстік Қазақстан облысына келген балалар мен жасөспірімдерді кеткендерге шаққанда тек 30,3% болды.
СҚО-дағы демографиялық көрсеткіштері де төмен. Мұнда қартаю индексінің ең үлкен көрсеткіші – 100 балаға 62,9-ы құрайды. Солтүстік өңірде 15 жасқа дейінгі 100 бала мен жасөспірімге 65 жастан асқан 63 қарт адамнан келеді.
Ел бойынша қарт адамдардың үлесі соңғы жылы азайды. 2021 жылы халықтың қартаю индексі 100 балаға 26,6-ға дейін төмендеді. Халықтың қартаю индексінің ең төменгі көрсеткіші Түркістан (100 балаға 12,7) және Маңғыстау (100 балаға 13) облыстарында байқалды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024