Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz — Солтүстік Қазақстан облысында биыл 2 млрд теңгеге жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік әкімдікте хабарлады.
"2020 жылы жалпы ауданы 13,9 га жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті 2,39 млрд теңгеге алу жоспарланып отыр", – деді мемлекеттік орган.
Иеліктен шығарылған жерлерде тұрғын үйлер, сквер, емхана салынады.
Айта кетейік, 2018-2019 жылдары облыс аудандарында учаскелерді сатып алу жүргізілген жоқ. Алайда Петропавлда осы кезеңде 4,1 млрд теңгеге 28,6 га сатып алынды. Бұл жерлер үш мектеп, кеңсе ғимараттары, екі жатақхана және инфрақұрылым салу үшін сатып алынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024